Ирак астанасы Бағдадта екі бірдей жарылыс болып, 5 адам қаза тапты. Тағы 6 кісі жараланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі rosbalt.ru-ға сілтеме беріп.
Теракт шаһардың оңтүстігіндегі ауданда жарылғыш жасырынған көлікпен жасалды. Бірінші жарылыс кезінде үш әйел көз жұмған, ал екінші шабуылдан тағы екі тұрғын қаза тапты.
Терактіні әзірге ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ. Бірақ бұл елдегі террорлық әрекеттерді негізінен «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» содырларлары жасайды.