Сұмдық! Теміртауда жүзін жасырмаған ер адамның ұрлығы видеоға түсіп қалған

/uploads/thumbnail/20170828145346399_small.png

Ғаламтор желісінде Теміртауда орын алған сұмдық тонау оқиғасының видеосы тарады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қолына пышақ ұстаған ер адам микронесиелік ұйымды тонап кеткен. Тіпті өзінің бет-жүзін де жасырмаған.

Видеодан байқағанамыздай, ұры кассаға кіретін есікті ашпақшы болады. Есіктің жабық екенін білген соң әйнекті бұзып, бөлменің ішіне кірді де, кассадағы ақшаны алып кетті.

Қызды пышақпен қорқытқан ұры жоғалтатын ешнәрсесі қалмағанын айтып, артынан ермеуін ескертті.

«Тонау оқиғасынан кейін полицей қызметкеріне 22 жастағы менеджер келді. Менеджердің айтуынша, ұры кассадан 174 мың теңге алып кеткен», – делінген облыстық баспасөз қызметінде.

Полицей қызметкерлері бірден іздеу жұмыстарына кірісіп кетті. Күдіктіні ұстау оңай болды, ол қаланың 30 жастағы тұрғыны болып шықты. 

 

Қатысты Мақалалар