Танымал диктор Тыныс Өтебаев өмірден озды

/uploads/thumbnail/20170828162659319_small.jpg

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, 1971 жылдан «Қазақстан» телерадио комитетінде диктор, бас редактор, директор, комитет төрағасының 1-орынбасары қызметтерін атқарып келген Тыныс Өтебаев 73 жасында өмірден озды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Фейсбуктегі парақшасында «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасы Ерлан Қарин жазды.

«Бүгін, 2017 жылдың 28 тамызында, «Қазақстан» телеарнасының танымал дикторы Тыныс Өтебай ағамыз 73 жасында өмірден озды. Телеарнаға 60-шы жылдардың аяғында келген Тыныс аға, талай жылдар Ұлттық арнаға адал қызмет етті. Тек қана диктор емес, ұзақ еңбек жолында түрлі редакциялардың басшысы болып, зейнетке «Қазақстан» корпорациясының төрағасының бірінші орынбасары қызметінен шықты. Ағамыздың туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз!», – деп жазды Е.Қарин.

Қатысты Мақалалар