29 тамыз күні КХДР Жапонияға қарай зымыран ұшырды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
ТАСС агенттігінің мәліметіне сүйенсек, КХДР ұшырған зымыран үш бөлікке бөлініп, Жапонияның Хоккайдо аралына құлаған. Бұл туралы шұғыл баспасөз мәслихатында Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга мәлім етті.
Жапония билігі халықты шұғыл ақпараттандыру жүйесі J-Alert арқылы ескерту таратып, болжам бойынша, КХДР жіберген зымыран Жапонияның солтүстік-шығыс бөлігімен өтіп, Тынық мұхитқа қарай ұшқанын хабарлады. Ескерту Хоккайдо, Аомори, Мияги, Иватэ, Акита және Ямагата префектураларына қатысты.