Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатында жеңіске жетті

/uploads/thumbnail/20170828223525393_small.jpg

Германияның Гамбург қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында  Абылайхан Жүсіпов жеңіске жетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов италияндық Винченцо Манджакапремен жұдырықтасты. Бастапқы кезде төрешілер Абылайханның жарақатына байланысты үшінші раундта жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті италияндық боксшыға берген.  Бірақ жекпе-жектің есебі қайта қаралды. Соның нәтижесінде, Абылайхан жеңіске жетті.

Айта кетейік, 28 жастағы италияндық боксшы Лондон Олимпиадасында Данияр Елеусіновті жеңіп, жартылай финалда кубалық боксшыдан жеңіліп, қола жүлдеге ие болған. Бакуде өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері (2011), Анкарада өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (2011) және Бакуде өткен Еуропа ойындарының күміс жүлдегері (2015) атағына ие.


Қатысты Мақалалар