Ресейде Шешенстан парламентінің депутаты Мухмад Асхабовты атып кеткендегі сәт видеоға түсіп қалған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Мухмад Асхабовтың көлігіне видеотіркеуіш орнатылған.
Кадрларға сүйенсек, депутат мінген көлікке қара түсті көлік жақындап келіп, ішінен белгісіз біреулер оқ жаудыра бастаған. Жүргізуші рөл тізгініне ие бола алмай, көлік жол апатына ұшыраған. Тергеу мәліметінше, депутаттың өліміне жол апаты себеп болған. Алайда видеоның шынайы екені әлі анықталмады.
Бұдан бұрын тергеу мәліметіне сәйкес, жұма күні таңда депутаттың жұмысына өз көлігімен аттанған. Ачхой-Мартановск ауданында көлікке шабуыл жасалып, салдарынан депутат қаза тапқан.
Асхабовтың өліміне байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 2-бөлімінің «б» пункті (кісі өлтіру) және ҚК 222-бабының 1 бөлімі (қаруды заңсыз саудалау) бойынша тергеу жұмыстары басталды.
Айта кетейік, Асхабов Агроөнеркәсіп кешені, жер қатынастары, экология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы, Коммунистік партияның мүшесі болды.