Гамбург төрінде бүгін жеті боксшымыз шаршы алаңға шығады

/uploads/thumbnail/20170829095355106_small.jpg

Сейсенбі күні, 29 тамызда Гамбургте бокстан әлем чемпионатындағы ширек финалда қазақстандық 7 спортшы бағын сынайды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталының мәліметіне сүйеніп.

Күндізгі сесси (Астана уақыты бойынша 19:00-де басталады)

49 келі, ¼ финал. Жомарт Ержан (Қазақстан) – Василий Егоров (Ресей)

56 келі, ¼ финал. Қайрат Ералиев (Қазақстан) – Омар Эль-Хаг (Германия)

75 келі, ¼ финал. Әбілхан Аманқұл (Қазақстан) – Арлен Лопес (Куба)

91 келі, ¼ финал. Василий Левит (Қазақстан) – Джейсон Уотели (Аустралия)

Кешкі сессия (23:00-де басталады)

69 келі, ¼ финал. Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) – Габриэль Маэстро Перес (Венесуэла)

81 келі, ¼ финал. Ерік Әлжанов (Қазақстан) – Бектемір Меликузиев (Өзбекстан)

+91 келі, ¼ финал. Қамшыбек Кункабаев (Қазақстан) – Баходир Жалолов (Өзбекстан)

Екі сессияны да «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирден көрсетеді.

Қатысты Мақалалар