Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық 4 боксшы жартылай финалға өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
49 келіге дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте жұдырықтасқан Жомарт Ержан, 56 келіге дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте бағын сынаған Қайрат Ералиев, 75 келіге дейін салмақта жұдырықтасқан Әбілхан Аманқұл және 91 келі салмақта бағын сынаған Василий Левит жартылай финалға өтті.
Айта кетейік, ширек финалда отандасымыз Әбілхан Аманқұл кубалық Арлен Лопеспен жұдырықтасты. Ал Қайрат Ералиев Омар Эль-Хагті жеңді. Жомарт Ержан ресейлік боксшы Василий Егоровпен кездесті. Василий Левит аустралиялық боксшы Джейсон Уотелиді жеңді.
Енді кешкі сессияда 69 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов, 81 келіде Ерік Әлжанов, 91 келі салмақта Қамшыбек Қоңкабаев жұдырықтасады. Отандастарымыздың жекпе-жегін "Qazsport" арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.