Бүгін – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

/uploads/thumbnail/20170830092037744_small.jpg

Бүгін, 30 тамыз – Конституция күні. Осыдан 22 жыл бұрын Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басқан еді. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум арқылы тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы қабылданған болатын. Содан бері тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Конституция мемлекеттегі барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның екінші конституциясы. Алғашқысы 1993 жылы қабылданды. Ата Заң мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берілмейді.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады.

Қатысты Мақалалар