Неваданың атлетикалық комиссиясы ирландық спортшы Конор МакГрегорға 60 күн ішінде жаттығу мен жекпе-жекке шығуға тыйым салды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лента.ру-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Мұндай шешімді дәрігерлер ирландық боксшының американдық Флойд Майвезермен болған жекпе-жегінен кейін жасаған. Жекпе-жек барысында ирландық боксшы қарсыласынан 152 соққы алған.
Осы орайда, МакГрегор 2017 жылдың қарашасына дейін ешқандай жекпе-жекке қатыспайтын болады.