Ливияның жағажай күзеті Жерорта теңізінде 450-ден астам босқынды өлімнен құтқарып қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Босқындар қатарында Египет, Марокко және Тунис елдерінің азаматтары болған. Ресми Триполи Италия үкіметінен 2011 жылы Муамар Кадафиді биліктен тайдыртқаннан кейін адамдарды заңсыз тасымалдаумен бірлесе күресуді сұраған болатын.
Халықаралық көші-қон ұйымының дерегі бойынша, Еуропа құрлығына теңіз арқылы қоныс аударуға мәжбүр болған босқындардың саны бүгінде 111 мыңнан асқан. Олардың 85 пайызы Италияға қоныс тепкен. Ал Жерорта теңізін кесіп өтпекші болған 2 мың 360 адам Еуропаға жетпей қаза болған.