Логикалық тест: Бар мәселе шарда...

/uploads/thumbnail/20170830140830173_small.jpg

Бір тұтқын өлім жазасына кесіліп, қазір түрмеде отыр. Оған  күзетші өмір сүруіне бір мүмкіндік берді.  Тұтқын өз өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ойын ойнауы керек екен.

Күзетші тұтқынға 50 қара және 50 ақ шар, сонымен бірге 2 бос ыдыс береді. Сосын ол «Саған берілген 100 шарды 2 ыдысқа бөліп қой. Қалай бөлем десең де өз еркің, тек барлығын бөлуің керек», – дейді.

Шарларды екі ыдысқа бөліп қойған соң күзетші тұтқынның көзін байлап, алдына екі ыдысты алмастырып  қояды. Сол кезде тұтқын бір шарды қолына алуы керек екен. Егер қолына алған шар ақ болса жазадан құтылады, егер қолына түскен шар қара түсті болса өмірімен қош айтысады. Енді тұтқын шарларды екі ыдысқа қалай бөлсе, өмірін сақтап қалады?

Жауабы: Бір ақ шарды бір ыдысқа, қалған 49 ақ пен 50 қара шарды екінші ыдысқа салу керек. Сол кезде тұтқынның қара шарды қолына алуына 50% ғана мүмкіндігі болады. 

Қатысты Мақалалар