Түрік артиллериясы Сирияның Африн қаласына оқ жаудырды

/uploads/thumbnail/20170830143411496_small.jpg

Түрік армиясы Сирияның Африн қаласының көшелерінде ракеталық соққы жасап, оқ жаудырды. Салдарынан 10 шақты тұрғын зардап шеккен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап. Бұл жайында Африндағы күрд саясаткері Резан Хеду айтып берді.

«Бүгін Африн қаласындағы көшелер Түркия тарапынан үлкен апатқа ұшырады. Қарапайым халықтың үйлері қирап, он шақты адам жарақат алды, олардың қатарында 11 жастағы қыз да бар», – дейді Хеду.

Саясаткердің айтуынша, атыс адамдардың көпшілігі келе жатқан Құрбан айт мерекесіне орай базарлап жүрген уақытта орын алған. Сонымен қатар, қала сыртында атыс әлі толастамай, жалғасып жатқандығын да айтып өтті.

Сириялық күрдттердің өкілінің айтуынша, мұндай оқиға бірінші рет орын алып жатқан жоқ. Қалада көшелерінде атыс жиі болып тұрады, оның жалғасып келе жатқандығына бір жылдан астам уақыт болған. Алайда Түрік артиллериясының бүгінгі шабуылы өте қарқынды болып әрі ұзақ уақытқа дейін созылған.

«Түріктер бүгінгі атыспен орыстар мен күрдтер арасындағы өзара ынтымақтастықты жойғысы келеді. Ал орыстар өздерінің әскери полициясын тартып, Алеппоның солтүстігінде де тұрақтылықтың кепілі болғысы келеді», – деп қоса айтып өтті Хеду.

Сирияның солтүстік-батысында орналасқан Африн қаласы 2012 жылдан бері күрдтердің қарамағында болып табылады.

Қатысты Мақалалар