Ресей Украина заңында агрессор ел ретінде жазылады

/uploads/thumbnail/20170830160639083_small.jpg

Бұл туралы Украина президентінің Жоғарғы рададағы өкілі Ирина Луценко украиндық бесінші арнада мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, заң жобасы 99,9% бітті және парламентте тіркеуге дайын. Луценко Украинаның АҚШ және «Нормандтық төрттік»-пен кеңескенін де айтып өтті. Оған Ресей, Украина, Франция, Германия кіреді.

Мемлекеттік дума депутаты Руслан Балбековтың ойынша, Украина тарапынан мұндай қадам киевтік билікке Ресей мен Украина халқының соңғы байланысын үзуге мүмкіндік береді.

 

 

Қатысты Мақалалар