Мексикада наразылық жалғасуда

/uploads/thumbnail/20170708160347248_small.jpg

Мексикадағы наразылық шеруі бәсеңдемей отыр. Көтерілісшілер биліктен осыдан 2 ай бұрын жоғалған студенттерді тауып беруін талап етіп, бірнеше мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасап, мұнай өңдеу зауыты мен елдің әуежайының жұмысын тоқтатып қойған. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.

Студенттермен бірге оқытушылар да қатысқан ереуіл, Чимпалсинго штатының орталық генпрокуратурасын шабуылдаған. Нәтижесінде бірнеше ғимаратпен көліктер жанып кетіп, мекемелердің терезе мен қабырғалырын сынған. Оған қоса көтерілісшілер бастаған жолдардағы дүкендер де жабылып, амалсыздан жұмысын тоқтатқан.

Ереуілшілер Оахака қаласындағы әуежайды басып алып, халықаралық рейстердің жөнелтілуіне кедергі жасаса, Салина-Крус қаласында 5 мыңға жуық адам мұнай өңдеу зауыттарының жолдарын жапқан.

gal441445

Бұл жаппай көтеріліс Латын Америкасының өзге қалаларында өршіп тұр. Мехико штатында көтеріліске 100 мектептің оқытушылар мен оқушылары қатысқан. Мексико астанасында жүздеген адам орталық алаңға шығып, наразылық шеруін ұйымдастырған. Ішінде жоғалған 43 студентердің ата-аналары бар.

Естеріңізде болса, қыркүйек айының соңғы аптасында наразылыққа шыққан студенттерді полиция қызметкерлері әкеткен болатын. Кейін анықталғандай, полицейлер студенттерді қылмыстық топтың қолына өткізген. Осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалып Игуаланың мэрі мен полицей қызметкерлері құрықталған болатын. Көтелістердің қашан басылатыны әзірге беймәлім.

Қатысты Мақалалар