iPhone 6 сапасына сын айтылуда

/uploads/thumbnail/20170708160348683_small.jpg

Тұтынушылар iPhone 6 смартфонының сапасына сын айтуда. Жүздеген шағым түсірушілердің жазуынша соңғы үлгідегі қалтафонның алдыңғы яғни селфи-камерасы, Wi-Fi желісі дұрыс істемейді. Оған қоса экраны жиі қатып қалатын көрінеді.

l43-iphone6-130102170927_big

Танымал әлеуметтік Reddit сервисінде тұтынушылар арасында смартфон сапасыздығы қызу талқылануда. Бірі қалтафонның артық тұсын айтса, екіншісі кемшілігін сынап жатыр. Бірақ, тұтынушылардың басым бөлігі «егер құрылғы жұмысын атқарып тұрса, ауыстырып керегі жоқ» деген пікірге қосылады.

Bussines Insider хабарлағандай Apple-дің тұтынушылары сапасыз смартфондарды ауыстыруын өтінген.

Қатысты Мақалалар