Қытайдың батысындағы Цинхай провинциясында жүрген көшкін салдарынан 7 адам қаза тапты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ИА REGNUM-ға сілтеме беріп хабарлайды.
Апат таулы аймақтағы ауылдың бірінде сағат таңғы 4-терге жуық болған. Сағат 14:00-де бірнеше тұрғын құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Бірақ үйінділер астында тағы 6 адам қалып қойғаны белгілі болған. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы 600 құтқарушы қызметкерлері келген.
Айта кетейік, таяуда осы елдің Гуйчжоу провинциясында да лай көшкіні жүріп, 23 адам опат болған еді. Көшкін 34 ғимаратты басып қалған. Мұнда да іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр.