Петербургте діндар ата-анасы емнен бас тартқан бала ВИЧ ауруынан көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170831085301898_small.jpg

Санкт-Петербургте бала ВИЧ инфекциясынан көз жұмды. "СПИД-Орталығының" хабарлауынша, діндар ата-анасы балаға антиретровирустық терапия жүргізуге рұқсат етпей қойған. Бұл ақпаратты Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің ВИЧ инфекциясы жөніндегі маманы, профессор Евгений Воронин растады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Сentralasian.org сайтына сілтеме жасай отырып.

"Доктор Питер" басылымының мәліметі бойынша, 2015 жылы сот ата-анаға баланың емін қамтамасыз етуді міндеттеген. Бірақ олар сот шешімін орындамаған, олар үшін шіркеудің айтқанымен жүрген дұрыс көрінген. Белсенділер екі мәрте прокуратураға және балалар омбудсменінен арызданған, бірақ жағдай өзгермеген. Бала 29 тамызда көз жұмды.

"СПИД-Орталық" дерегі бойынша, Орыс православ шіркеуінің ВИЧ/СПИДке қарсы күресі терапияға тыйым салмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, ВИЧ инфекциясына 860 мыңнан астам ресейлік шалдыққан. СПИД-пен күрес орталығының бағалауы бойынша, бұл дертке шалдыққандардың шын мәніндегі көрсеткіші шамамен 1,5 миллионға жетеді.

Қатысты Мақалалар