Бразилияда 13 жастағы жасөспірім адам өлтіру қандай екенін білу үшін өзінің сыныптасын бауыздап тастаған. Алайда ол қылмысын жасап болғаннан кейін қатты қорқып, барлық мән-жайды мұғаліміне айтып берген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Life.ru сайтына сілтеме жасай отырып.
Оқиға екі оқушы бірге тұратын үйде орын алған. Қылмыскердің сыныптасы Тамирэс Паула дэ Альмейда есімді бойжеткен лифт күтіп тұрған кезде 13 жастағы жасөспірім оны өрт жағдайында шығатын баспалдақтарға сүйреп алып келген. Ол қызды басын қабырғаға ұрып өлтірмек болған, алайда бұл ойы іске аспапты. Тамирэстің әлі тірі екенін көрген бала пышақты алып, мойын, көкірек және қолтығының тұсынан 10 рет пышақтаған. Көршілер қыз баланың айқайын естігеннен соң дереу дауыс шығып жатқан жерге келіп, қыздың мәйітін тауып алған. Олардың ішінде қыздың анасы да болған.
Жасөспіріммен тергеу жүргізген полиция қызметкерлерінің айтуынша, ол адам өлтіргенде қандай сезімді бастан кешіретіндігін білу үшін өлтірген. Сонымен қатар, қыздың өліміне өзге сыныптастары қалай қарайтындығын да білгісі келген екен. Жас қылмыскер тағы да екі-үш сыныптастарын өлтіріп, баскесер болғысы келген екен. Алайда болған оқиғадан соң ол қорқып, барлық мән-жайды мұғаліміне айтып беріпті.
«Беті қызарып кеткен, аяқ-қолы дірілдеп тұрды. Ол жедел жәрдем шақыруымды өтініп, өз үйінде бір қызды пышақтап тастағанын айтты. Кейіннен қан-қан матаға оралған пышақты менің қолыма ұстатты», – дейді мұғалім.
Пікір қалдыру