30 тамыз күні Шымкент қаласының Еңбекшіқазақ ауданында полиция бөлімшесіне жаяу жүргіншіні қағып кеткендігі туралы хабар келген. Белгілі болғандай, 1966 жылғы «Ваз-21102» маркалы көлік жүргізушісі рөлді басқара алмай 2007 жылғы 5-сынып оқитын қызды қағып кеткен. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз хатшылығына сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Көлік апаты салдарынан 10 жастағы қыз алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.
Медициналық сараптама нәтижесінде «ВАЗ» жүргізушісінің апат кезінде мас күйде болғандығы анықталды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Пікір қалдыру