31 тамыздан бастап доллардың бағасы өсті

/uploads/thumbnail/20170831124049483_small.jpg

2017 жылдың 31 тамызында Қазақстан қор биржасының таңертеңгі сессиясында орташа доллар бағамы 336,18 теңгені құрады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

Өткен сессиямен салыстырғанда (334,49/$1) ұлттық валюта долларға шаққанда 1,69 теңгеге арзандады. Таңертеңгі сессияда АҚШ долларының саудасында ең төменгі бағам АҚШ долларына шаққанда 335,42 теңгені, ал ең жоғары бағам – 336,97 теңгені құрады.

Доллар бойынша сауда көлемі 119 млн. 550 мың долларға жетті. ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің пайымдауынша, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы төлем балансы көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсаруы қазақстандық экспорт түрлерінің әлемдік бағалары тұрақты болып тұрса, бағам саясатының тәуекелдерін азайтады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар