Екі салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) жекпе-жек алдында үлкен қателікке бой алдыруы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Боксшылар осыдан бірнеше жыл бұрын шаршы алаңда бейресми түрде кездескен, олар Калифорнияда спарринг-сессияларын өткізген. "Канелоның" айтуынша, Головкин сол жаттығулар арқылы "өз қарсыласының шамасын білдім" деген ойдан аулақ болуы тиіс, себебі оны тосын сый күтіп тұр.
"Егер олар бұрынғы менің қатысуыммен өткен жаттығуларды ескере отырып дайындалса, бұл үлкен қателік. Мен олардың бұл кездесуді не үшін айтып жүргенін білмеймін, бірақ бұл кездесу шынымен болды және олар осыны негізгі стратегия ретінде қолданатын болса, ол маған ұтымды. Бірнеше жыл бұрын Головкинмен жұдырықтасқан жігітпен менің айырмашылығым жер мен көктей. Мен өз жаттығуымда қателікке жол бермеймін, қарсыласты тура бағалаймын. Мен оның панчер екенін жақсы білемін, себебі бұрындары кездескенмін. Мен осыған дайындалып жатырмын", – деді Альварес берген сұхбатында.
Пікір қалдыру