Қант – адамды өзіне дағдыландырып алатын есірткі дәрілік зат. Бұл туралы Сент-Люк институты мен Lahey Health бейкоммерциялық ұйымының ғалымдары мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ғалымдардың пікірінше, сахароза көмірсуының әсері кокаин есірткілік дәрісінің әсеріндей. Қантты пайдалану көңіл-күйдің өзгеруі, рахат сезімге бөлену, адамдардың тәттіні аңсауы сынды әрекеттерге әкеліп соғады.
Зерттеушілер өз дәлелдерін кеміргіштерге жасалған тәжірибеге сүйене отырып ұсынды. Кеміргіштер қант және есіртікінің бірін таңдау барысында көбіне қантты таңдаған.
Алайда ғалымдардың көбі аталмыш тәжірибені мойындамай отыр. Кембридж университетінің психиатры Хишам Зяуддин тәжірибені тышқандармен жүргізуін ақымақтыққа санап, ғалымдардың дәлелін толық зерттелмегенге балады. Яғни, қантты есірткі деп санау – дұрыс емес дейді.
Пікір қалдыру