22 тамыздан бері із-түссіз кеткен 46 жастағы қостанайлық Рысалды Сейдалина аман-есен табылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Alau.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Оншақты күннен бері іздестіріліп жатқан қостанайлық әйелдің дін аман табылғандығы туралы оның туыстары хабарлады. Олар Рысалды Сейдалинаның басқа қалада қонақта болғандығын айтқан.
Айта кетейік, Рысалды Сейдалина 22 тамыз күні үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан оралмаған. Оның ағасының сөзіне қарағанда, Рысалдының есте сақтау қабілетінде кінәраты бар көрінеді.
Пікір қалдыру