Америка басшысы Дональд Трамп әлемдегі көшбасшылармен 18 қыркүйек күні Нью-Йорк қаласында кездесу өткізіп, БҰҰ реформасына қатысты бірқатар мәселелерді талқыламақ деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рейтер сайтына сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, әр елдің басшылары БҰҰ-ның бас хатшысы Антони Гутеррештің «тиімді реформаларды бастау» декларациясына келісім беріп, қол қойғаннан кейін барып 18 қыркүйекте болатын кездесуге шақырту алады екен.
«Гуманитарлық көмек көрсету, бейбітшілік бастамаларын дамыту және қорғау жөніндегі жұмыстарды жақсы үйлестіру үшін біз бас хатшының БҰҰ реформаларына енгізгелі жатқан өзгерістерін құп көріп, қолдаймыз», – делінген декларация жобасында.
Естеріңізге сала кетер болсақ, АҚШ президенті қыркүйек айында БҰҰ-ның Жалпы Жиналысында сөз сөйлейді деген болатын.
19 қыркүйекте БҰҰ штаб квартирасында 72-ші Жалпы Жиналыс салтанатты түрде ашылады.
Пікір қалдыру