Бүгін оқушылар білім күнін атап өтуде. Биыл 2,9 млн. астам оқушы мектепке барды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті атқарушы органдардың 2017 жылғы 1 тамыздағы жедел ақпараты бойынша республикада 9844 (2016ж. – 9410 бірлік) мектепке дейінгі ұйым (өсу+434 бірлік) жұмыс істейді.
Құрамы 859,7 мың баладан тұрады (2016ж. – 836,9 мың адам), оның ішінде 7053 (2016ж. – 7074 бірлік) мемлекеттік және 2791 (2016ж. – 233 6ірлік) жекеменшік.
Күрделі жөндеу жүргізуді 247 мектепке дейінгі ұйым қажет етеді, оның 56-да жөндеу жүргізу: оның ішінде түрлері бойынша: 6 – шатыр, 50 – жалпы құрылыс жұмыстары қарастырылуда.
17 балабақшада күрделі жөндеу жүргізу аяқталды. Қалған балабақшаларда аяқталу процесі 70-80% құрайды және ағымдағы жылдың 20-25 тамызына толық аяқтау жоспарлануда.
Бүгінгі күні жергілікті бюджет есебінен 1 млрд. 657 млн. 900 мың. теңге сомасына 1619 (93,0%) балабақшада ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы 320 орындық балабақшаның құрылысы аяқталды. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 280 орынды балабақшаны іске қосу мерзімі – 2017 жылдың тамызы. Объектінің дайындығы – 100%. Құрылыстық-монтаждық жұмыстар аяқталды, объектіні пайдалануға беру актісін қабылдау келісімде.
Пікір қалдыру