2017 жылғы 1-4 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамы

/uploads/thumbnail/20170816183131719_small.jpg

Қазақстанда өткен үш күнде ауа-райы климаттық нормадан 3...10ºС жоғары болған ыстық температура байқалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Казгидрометке сілтеме жасап.

Демалыс күндері республикамыздың солтүстік жартысынан атмосфералық фронттар жылжитын болады, осының әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр жаууы мүмкін, осыған қарамастан қыркүйек айының басы ыстық болады деп болжануда. 

Күндізгі ауа температурасы +25...+33, ал оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыста кей жерларде +35...+40 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде, бұл қыркүйек айының басында әдеттегі ауа температурасынан +3...+8 градусқа жоғары.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар