ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Гондурас Республикасының Ұлттық күні атап өтілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Гондурас мемлекеті Тынық және Атлант мұхиты аралығында жолды жақсарта, әуе және жүк тасымалымен, білікті мамандармен Орталық Америкада логистика ортасына айналуды. Бұл туралы іс-шара барысында Гондурас Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Долорес Агуэро Лара Мария мәлімдеді.
Оның айтуынша, мемлекет жаңғыш энергияны қолдануды азайту мәселелерін шешуде үлкен жұмыс атқаруда. Мемлекет жаңғыш энергияны жаңартылатын энергия көздеріне алмастыруда. «Болашақ энергиясы» көрме тақырыбы жаһандық жылыну және климаттық өзгеріс орын алған заманда елеулі мәселелердің қатарына кіреді.
«1992 жылы Риодағы Жер Саммитінен бастап климаттық өзгеріс бойынша халықаралық шаралар қолданылуда. 2015 жылы Парижде өткен климат өзгерісі жөніндегі конференциясында адамзаттың атмосфераға парниктік газдардың шығарылымын тұрақтандыру қажеттілігі атап өтілді. Мемлекетімізде парниктік газ шығарылымының үлесі аз, алайда 1996-2015 жыл аралығында климаттық өзгерістердің жаһандық қауіптері көрсеткіші бойынша еліміз әлем бойынша осал мемлекеттердің қатарында болды. Бүгін, баршамыз, ұлттар мен халықтар бір-бірімізге тәуелділігімізді түсіне, өзімізді және болашақ ұрпақты жарқын әлеммен қамтамасыз ету үшін өзара тиімді әрекеттесуіміз қажет», - деп Долорес Агуэро Лара Мария хабарлады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Алексей Цой өз кезегінде ЭКСПО-2017 көрмесі екі жақты қатынастың нығаюына мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
«Қазақстан саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салалаларда, сондай-ақ денсаулық сақтау, атап айтқанда, медициналық сақтандыру және туризм салаларында ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Қазақстан және Гондурас Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1995 жылы 28 қарашада орнатылды. Гондурас Республикасының ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы елдеріміз арасындағы екі жақты өзара тиімді ынтымастықтықты нығайтуға мүмкіндік беретініне кәміл сенемін», - Алексей Цой деп баяндады.
Гондурас Республикасы - күн энергетика үлесі бойынша әлемдегі жетекші ел. ENEE Гондурас мемлекеттік энергетикалық компаниясының статистикалық мәліметтері бойынша 2016 жылы мемлекетте электр энергияның 10,2% фотоэлектрлі күн электр станцияларында өндірілді. Бұл әлемдік көрсеткіш бойынша рекордтық нәтиже.
Пікір қалдыру