Жөтелге жүре қарамаңыз

/uploads/thumbnail/20170904100819554_small.jpg

Туберкулез – өте жұқпалы ауру. Ол тұрғындардың денсаулығына біршама нұқсан келтіретін, әлемдегі ең қатерлі жұқпалы аурулар қатарына жатады.

Қатерлі аурудың таяқшалары ауада, суда, топырақ құрамында да кездеседі. Қазір медицинаның дамыған заманында туберкулез ауруын толық емдеп жазуға болады. Ол үшін аталмыш  сырқатқа шалдыққан жандар дер кезінде тексеруден өтіп, бастапқы қалыпта болған жағдайда құлан таза айыға алады. Облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғалидың мәліметінше, 2017 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша жалпы облыс көлемінде туберкулез ауруынан негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштерінің жақсару үрдісі сақталған. Тұрғындардың туберкулезбен сырқаттануы былтырғы жылмен салыстырғанда, 100 мың тұрғынға шаққанда 4,2%- ға төмендеп, 29,7% құраған. Биылғы жылдың жеті айында облыстық стационарда 648 науқас емделіп шыққан. Ал өкпе дертінен болатын өлім-жітім былтырғы жылмен салыстырғанда, 100 мың тұрғынға шаққанда 12,5 %-ға төмендеп 1,4 %-ды, ал 2016 жылғы көрсеткіш 1,6%-ды құраған. Сондай-ақ денсаулық сақтау мамандары өкпе қабынуына да үстірт қарауға болмайтынын айтады.
Әсіресе күз, қыс, көктемнің бастапқы  айында тұмау, суық тиіп ауру жағдайлары көбейетіні мәлім. Алайда, жай тұмау ғой деп, елемей, үйде ем қабылдап, кейін асқынып, оның салдары ауыр науқасқа ұласуы мүмкін екенін және  суық тиіп ауырғанда міндетті түрде дәрігерге көріну қажеттігін айтты. Сондай-ақ өкпе туберкулезі жас талғамайтынын қаперге алған жөн. Облыс бойынша  құрт ауруынан сақтандыру шаралары әр мектептерде жүзеге асуда. Өңірде жалпы орта білім беретін мектептерде 267 медицина қызметкерлері бар. Олар биылғы жылдың қаңтар айынан бастап білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне ауыстырылған болатын. Мектептегі денсаулық сақтау қызметкерлерінің функционалдық міндеттері 2014 жылдың 29 желтоқсанындағы ҚР Ұлттық экономика министрінің №179 бұйрығымен бекітілген еді. 

 Жалпы туберкулез дертінен  сақтану үшін  толықтай салауатты өмір салтын ұстану қажет. Яғни дұрыс тамақтану, дене шынықтыру белсенділігін арттыру, уақытылы тынығып, алкогольді ішімдік пен шылымнан бас тарту денсаулықтың кепілі болмақ.  

Гүлім АҚАП,

Батыс Қазақстан облысы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар