БҰҰ-ның мәлімдеуінше, Раккада соғысып жүрген жауынгерлер тұрғындар құқығын сақтап жатқан жоқ. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметтерге сүйенсек, 20 мыңға жуық тұрғыны қоршауда қалған. Олардың кейбірін лаңкестер тірі қалқан ретінде пайдалануы мүмкін. Жалпы Ракканы азат ету операциясы өткен жылдың қарашасында басталды. Әскери жорыққа Сирияның демократиялық күштері мен АҚШ басқаратын коалиция қатысып жатыр.
Сондай-ақ мұнда Иран мен Ресей қолдау көрсететін Сирия билігінің жауынгерлері де бар. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметтеріне қарағанда, тамыз айында қалаға жасалған әуе соққыларының саны күрт артқан. Мәселен, Ақ үй басқаратын коалиция шілдеде шаһарды әуеден 645 рет атқыласа, тамызда 1100 рет соққы жұмсаған. Салдарынан бірнеше аптаның ішінде 151 адам қаза тапқан. Сондықтан ұйым мүшелері кез келген әскери операцияны бастар алдында нақты жоспар құрып, қарапайым тұрғындардың өміріне қатер төндірмеу керектігін айтады.
Пікір қалдыру