Рамзан Қадыров: Мен Ресейге қарсы шығуға дайынмын (видео)

/uploads/thumbnail/20170825091523776_small.jpg

Шешенстан басшысы Мьянмадағы болған үкіметтік күштер мен рохинджа мұсылмандары арасында орын алған қанды оқиғаларға байланысты өзінің ашық пікірін білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Өзінің Instagram парақшасында Рамзан Қадыров жұртшылықпен тікелей эфирге шықты. Шешенстан президенті өз сөзінде  Ресейлік БАҚ өкілдерін айыптады.

«Осы Еуропада бір кішігірім теракт болған күнде бүкіл әлемдік лидерлер мен жаһандық БАҚ өкілдері айғайлатып шығады. Ал бір-екі күнде жүздеген адамдар геноцидқа ұшырып жатқан кезде ешкім ештеме айтпай отыр.

Егер Ресей ресми түрде мұсылмандарды өлтіріп жатқан шайтандарды қолдайтын болса, мен тіпті Ресейге қарсы шығуға дайынмын.

Бұл мәселе бойынша мен толыққанды Ердоғанды (Түркия президенті) қолдаймын. Одан басқа мен жанашырлық білдіріп отырған ешкімді көріп отырған жоқпын» ,- деді Шешенстан басшысы.

 Еске сала кетейік, Мьянма елінде (бұрынғы Бирма)  үкіметтік күштер мен рохинджа мұсылмандары арасында бір апта бұрын басталған қақтығыстың салдарынан 400-ден аса адам өлтірілген. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар