ҚР бас прокуроры Жақып Асанов "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңында болған төбелеске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агентігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір екі қылмыстық іс қозғалды. Біреуі тұрмыстық жанжал бойынша, екіншісі - жалған ақпарат таратуға қатысты, - деп мәлімдеді ол Парламент палаталарының біріккен отырысының үзілісінде.
Ал шетелдік жұмысшыларды елден көшіріп жіберу туралы сұраққа ол бұл мәселені сот шететінін айтты. "Істі сотқа жолдаймыз, сонда шешіледі", - деді Асанов.
Ал мұның алдында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Астанадағы "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңында болған төбелестен зардап шеккендердің жағдайы жайлы айтып берген еді.
Пікір қалдыру