Ауыр салмақтағы әлем чемпиондығына үміткер боксшы қайтыс болды

/uploads/thumbnail/20170922105536398_small.jpg

Америкалық боксшы, ауыр салмақта әлем чемпиондығына бұрынғы үміткер Дэвид Бей құрылыстағы қайғылы оқиғадан қаза тапты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оқыс оқиға сәрсенбі күні Нью-Джерсиде болған. 60 жастағы бұрынғы боксшының үстіне болат қаңылтыр құлап кеткен. Ол соңғы кездері  шеберлердің көлік жүргізушісі болып жұмыс істеп жүрген болатын.

1981 жылы Бей кәсіби деңгейдегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, 1990 жылы Майк Тайсонды нокаутқа жіберген Джеймс Бастер Дагластан басым түскен еді. 1985 жылы Бүкіләлемдік бокс федерациясының (IBF) нұсқасы бойынша әлем чемпиондығы үшін айқасып, Бей Ларри Холмсқа 10-раундта техникалық нокаутпен есе жібереді. Боксшы соңғы кездесуін 1994 жылы Дэвид Джакоға қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен жеңген.

Қатысты Мақалалар