Павлодарда жеткіншек трамвай астында қалды

/uploads/thumbnail/20170922110128915_small.jpg

Оқиға Лермонтов пен 1 мамыр көшелерінің қиылысқан тұсында болды. Бірнеше куәгердің айтуынша, жеткіншек трамвайдың астына өзі барып түскен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарата агенттігі pavon.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды. 

Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы. Оқиға 21 қыркүйек күні сағат 19.41 шамасында болған. Трамвай Лермонтов көшесіне қарай жылжып келе жатқан. Аялдамаға ондаған метр жетпей, 11-12 жас шамасындағы жеткіншек  вагонның астында қалды. 

Өтіп бара жатқан жігіт оны шығарып алмақ болғанда, бала етбетінен жатып алған, – дейді оқиға куәгерлері. Айтуларынша, баланы құтқармақ болған жігіт ТЖМ-де істейді екен. Ол баланы шығарып алып, қырынан жатқызған. Трамвай басқармасындағылардың хабарлауынша, №5 трамвай жүргізушісі Лермонтов аялдамасына 50 метр жетпей, баланы байқап вагонды бірден тежеген. Белгілі болғандай, жедел жәрдем шақырылып, оны Облыстық балалар ауруханасына жеткізген. 

Қатысты Мақалалар