Ми-2 тікұшағы өртеніп, 3 адам зардап шекті

/uploads/thumbnail/20170922135359510_small.jpg

Ақмола облысында тікұшақты қондыру кезінде 3 экипаж мүшесі зардап шекті, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Айта кететін болсақ, оқыс оқиға бүгін 22 қыркүйекте болған. Әуе көлігі апатында экипаждың барлық мүшелері аман қалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, төтенше жағдай қыркүйектің 22-де түнде орын алған. Ақкөл ауданы аумағында Ми-2 тік ұшағын қондыру кезінде әуе көлігі жерге қатты қонып, борттан өрт шыққан. Осының салдарынан тікұшақ ішінде болған экипаж мүшелері 1969 жылы туған борт командирі Александр Маньков, борт механигі 1956 жылғы Геннадий Балуев және тағы бір экипаж мүшесі 1969 жылғы Думан Байбусинов зардап шеккен.

Тікұшақ  Ақкөлдегі Малоалексадровка ауылы маңында жерге жоғары жылдамдықпен қонып, борттан өрт шығып, түгелдей өртеніп кеткен.

Борт командирі Александр Маньков пен экипаж мүшесі Байбусинов тікұшақтан шығып үлгерген, ал борт механигі Балуевті күйік шалып, ауруханада жатыр.

Қатысты Мақалалар