Ерлан Сағадиев: Бізде ондай дәстүр болмаған...

/uploads/thumbnail/20170922164553432_small.jpg

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектепте ұлдар мен қыздарды бөлек оқытуға қатысты өз ойын білдірді,  -  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сенатта өткен парламенттік тыңдау кезінде депутат Сәрсенбай Еңсегенов министр Ерлан Сағадиевтен мектепте қыздар мен ұлдарды бөлек оқытуға байланысты пікірін сұраған еді. 

"Тәрбиесіз білімнің зияндылығы, тіпті қауіптілігі туралы орта ғасырда өмір сүрген ойшылдар айтып кеткен. Мектептегі білім беру тәрбиесімен бірге жүру керек деп ойлаймын. Біздің рухани жаңғыруда айтылған ұлттық кодты енгізуде тәрбиенің берері көп. Осы орайда соңғы кездері бөліп оқыту мәселесі, әсіресе, қыз балаларға арналған мектептер жайы айтылуда. Оның ғылыми негіздері де жазылып жүр", — деді депутат Ерлан Сағадиев. 

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бұл ұсынысты қолдамайтынын білдірді.  

"Басқа мемлекеттерде қалыптасқан дәстүр бар. Бірақ қыздарға, ұл балаларға арналған мектептердің Қазақстанда болғаны дұрыс емес. Бізде ондай дәстүр болмаған. Солай жасаймыз десек, алдымен қоғамда үлкен пікірталас жұмыстарын жүргізу керек", — деп айтты Ерлан Сағадиев.

Қатысты Мақалалар