Ақтөбедегі коледж студенті директорды пышақпен қорқытқан

/uploads/thumbnail/20170922181117801_small.jpg

Ақтөбе облысы Хромтау тау-кен техникалық колледжінің 1-курс студенті оқу орнының директорын суық қарумен қорқытты. Қазір ол уақытша тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы колледжде білім алып жүрген студент оқу жылы басталған кезде оқытушылармен араздасып, ішкі тәртіпке бағынбай, директордың алдына барған. Кейін құжаттарын сұрап, оқудан біржола кететінін мәлімдеген оқушының ата-анасы орта арнаулы оқу орнына шақырылды. Осы аралықта оқушы пышақ алып келіп, колледж директоры Бағдашжан Молдашеваны қорқытады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетіп, ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

«Хромтау ауданындағы колледж оқушысы уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің «Корқыту», «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» баптары бойынша тергеу жүріп жатыр», - деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз жетекшісі Нұргүл Қонақбаева.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Қаныбек Жақсығалиев мектеп, колледж директорларын жинап, сақтық шарасын күшейтуді тапсырған болатын. Жиын кезінде ол Хромтау ауданындағы жасөспірімдер қылмысы 9 есе артқанын жеткізді.

Қатысты Мақалалар