Талас ауданында жылқылар белгісіз себептен қырылуда, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Талас ауданындағы көлдің жағасында таңертеңгісін су ішуге шыққан жылқы құлап, арам өлген.
Куәгерлердің айтуы бойынша, жылқылар суды ішкендіктен өліп қалған. Себебі Қаратау қаласының Натрий-циани өніретін зауыт өздерінің қалдық суларын осы көлге әкеліп құяды екен. Жылқылардың кейбірі аман қалған, алайда 16 бас жылқы өліп қалыпты.
Бір айта кетерлігі көлдің айналасында қоршау да, қауіпсіздік белгісі де болмаған.