Ашхабадта өтіп жатқан Азия чемпионатында Әсем Садықова ауыр атлетикадан алтын жүлдені жеңіп алды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ашхабадта жүрген спорт сарапшысы Асқар Ағатев хабарлаған болатын.
Әсем Садықова 69 келі салмақта бақ сынады. Осы салмақта тағы бір спортшымыз Анжела Шалқарова 5-ші орынды қанағат тұтты.