Мексикадағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 273 жетті (фото, видео)

/uploads/thumbnail/20170922200546840_small.jpg

Мексикада орын алған жер сілкінісінен қаза болғандардың саны 273 жеткендігі белгілі болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Еске сала кететін болсақ, жер сілкінісі сейсенбі күні болған еді. Мемлекет басшысы Энрике Пенья Ньето ең бастысы жер сілкінісінен зардап шеккендерді құтқару керек екенін мәлімдеді.

Құтқарушылардың айтуы бойынша, 10 шақты ғимараттың астында аман қалған адамдар болуы мүмкін. 500 астам әскери адамдар мен 200 полиция қызметкерлері мен еріктілер құтқару шараларын жалғастыруда.

Қатысты Мақалалар