Таиландта жойқын жарылыс салдарынан 4 адам мерт болды

/uploads/thumbnail/20170923094123254_small.png

Таиландтың оңтүстігінде жойқын жарылыс болып, төрт адам қаза тапты. Тағы алтауы жараланған.  Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды. Жарылғыш тас жолға жасырылып, аймақтағы тәртіпті бақылап жүрген әскерилер өтіп бара жатқан кезде іске қосылған. Алайда қаскөйлік әрекеттен тек жауынгерлер ғана емес, бейбіт тұрғындар да опат болды. Әзірге шабуылды ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ.

Таиланд әскері оны жергілікті бүлікшілер ұйымдастырды деп күдіктеніп отыр. Айта кетейік, Таиландтың оңтүстігіндегі Яла, Паттани және Нартхиват провинциясының халқы елден бөлініп, егемендік алуды көздейді. Сондықтан мұндағы бүлікшілер үкімет жасағымен үнемі қақтығысып, оларға қарсы қастандықтар жасаудан танған емес.

Қатысты Мақалалар