Пәкістан-Үндістан шекарасында атыс болды

/uploads/thumbnail/20170803105537712_small.jpg

Пәкістан мен Үндістан арасындағы даулы шекарада атыс болып, алты адам оққа ұшты. Тағы 30-ы жарақат алған. Қарулы қақтығыс кезінде зардап шеккендердің дені пәкістандық екен. Әскерилердің мәліметінше, марқұмдардың алтауы да және жараланғандардың 26-сы осы елдің азаматы, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп. 

Қос тарап та атысқа бірін бірі айыптап отыр. Үнемі бітпейтін шекарадағы шиеленіске байланысты Пәкістан Премьер-министрі халықаралық ұйымдарды істің ақ-қарасын айыру үшін зерттеу жүргізуге шақырды. Ол мұндай мәлімдемені Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясында жасады.

Қатысты Мақалалар