ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ең ауыр да апатты, зұлматқа толы ғасыр болды. Орыс империясы қолдан жасалған зұлымдыққа толы қанды жоспарлары арқылы қазақ халқын жер бетінен жойып жіберіп, оның кең байтақ даласын кеудесіне біржола басқысы келді. Қара әріптермен халқымыздың тарихында қалған нәубеттерді дерек көздерімен сөйлетсек, төмендегідей қаралы картина пайда болады:
1. 1909-1911 жылдары: Столыпин реформасы қазақ еліне де қанды тырнағын салды.
2. 1914-1916 жылдары: Бірінші дүниежүзілік соғыста қазақтарды қара жұмысқа айдап, талайларды оққа байлады.
3. 1917-1922 жылдары: Азамат соғысында қызылдар мен ақтардың шайқастарында талай ауыл жойылды; аштықтан 1 млн. 500 мың адам қырылды.
4. 1927-1931 жылдары: Он мыңдаған байларымыз тәркіленіп, итжеккенге айдалды.
5. 1931-1933 жылдары: 2 млн. 300 мың адам ашаршылықтан қынадай қырылды, миллиондар босқыншылыққа ұшырап, шетелдерге ауды.
6. 1937-1938 жылдары: 100 мыңнан аса зиялымыз қуғын-сүргін құрбандарына айналды, атылды, итжеккенге айдалды.
7. 1941-1945 жылдары: Екінші дүниежүзілік соғыс еркектеріміздің жартысын жалмады.
8. 1946-1954 жылдары: Тағы да он мыңдаған зиялы қауым өкілдері қуғын-сүргінге ұшырады.
9. 1954-1956 жылдары: Тың және тыңайған жерлерді тыңайтуды сылтауратып солтүстік өңірлерімізге Мәскеу қылмыскерлерді орналастырды. 700 қазақ мектебі жойылды.
10. 1986-1989 жылдары: Желтоқсан, Жаңаөзен көтерілістері аяусыз жаншылды. Бұған тәуелсіздік үшін күреске шыққан қазақтардың 300-дей басып, жаншылған көтерілістерін қосыңыз!
Міне, осы қаралы картина, нәубеттер кейінгі ұрпаққа ащы сабақ болуы тиіс.
Еске ал, ұмытпа бұл қасіреттерді, қазағым!
Айала Байсейіттің FB парақшасынан