Шаһардағы 8 мыңға тарта құрылысты тексеріп шыққан азаматтық қорғаныс күштерінің өкілдері дабыл қағып отыр. Бәріне өткен аптадағы жер сілкінісі себеп болды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп хабарлайды.



Мамандардың айтуынша, тіпті қарапайым көлік қозғалысының өзі қауіп төндіруі мүмкін. Ал егер ауыр техниканы іске қосса, қатер арта түседі деген ескерту жасалып отыр. Енді алдағы уақытта мамандар мұнда тағы 11 мың ғимаратты тексеріп шығуды көздеп отыр.
Еске сала кетсек, 19 қыркүйекте Мексикада 7,1 балдық зілзала болды. Ресми мәлімет бойынша 333 адам ажал құшқан. Марқұмдардың дені осы Мехико қаласының тұрғындары екен.