Вануатуда Манаро жанартауының белсенділігі арта бастады. Соның салдарынан мұндағы Амба аралы тұрғындарының жартысынан астамы уақытша орталықтарға көшірілген. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Мамандар өңірдегі қауіпті әрі ірі жанартаудың алдағы күндері атқылауы әбден мүмкін деп отыр.
Айта кеткен жөн, Вануату Республикасы Тынық мұхитының «отты шеңберінде» орналасқан. Бұл өңірде белсенді жанартаулар көп. Бүкіл әлем бойынша тіркелетін жер сілкінісінің 90%-ы осы «отты шеңбердің» үлесіне тиесілі.