Ресей Сириядағы ресейлік сарбаздарды өлтірген содырларды жазалады (видео)

/uploads/thumbnail/20171004151014882_small.jpg

3 қазанда Ресейдің әуе-ғарыш күштері ресейлік сарбаздарды азаптаған содырларға қарсы соққы жасады, ― деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Ресейдің Қорғаныс министрі Сириядағы «Джебхат-ан-Нусра» террорлық ұйымын жойып жіберген видеосын жариялаған. Аталған террорлық топ 18 қыркүйекте Идлиб маңында ресейлік әскерді өлтіріп, азаптапты.

Видеода терористтер мен олардың техникасының бір жерде жиналып тұрғанын байқауға болады.

Ресми деректер бойынша, террорлық ұйымға қарсы бағытталған соққының нәтижесінде «Джебхат-ан-Нусра» террорлық тобының 12 басшысының көзі жойылып, көптеген күзетшілер қайтыс болған. 10 шақты содыр ауыр жарақаттанды. «Джебхат-ан-Нусра» террорлық ұйымының төрағасы Абу Мухаммед аль-Джуляни ауыр жарақаттанып, қолынан айырылған. Ресей Федерациясының Қорғаныс министрінің айтуы бойынша, Сириядағы Ресей әскеріне шабуыл жасаған террористердің көзін құртуды жалғастырады.

Қатысты Мақалалар