Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду "Алтын добының" көшірмесін қайырымдылық акциясы аясында өткен аукционда сатты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі испаниялық AS басылымының мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Басылымның мәліметі бойынша, Роналду 2013 жылы жеңіп алған "Алтын добының" көшірмесін 300 мың еуроға сатқан. Оны Израильдегі және әлемдегі ең бай адамдардың бірі Идан Офер сатып алған.
Бұл саудадан түскен қаржының барлығын да португалиялық шабуылшы ауыр дертке шалдыққан балаларға көмектесетін Make-A-Wish қорына аударған.
Еске салайық, 32 жастағы шабуылшы "Алтын допты" үш рет жеңіп алған. Нақтылап айтсақ, 2008, 2013 және 2015 жылдары әлемнің үздік футболшысына берілетін сыйлықты иеленген.