«Ресей – Ислам әлемі» отырысы Сауд Арабиясында өтеді

/uploads/thumbnail/20171009172253533_small.jpg

Өткен жұмада Сауд Арабиясының королі Салман мен Татарстан президенті Рустам Миннихановтың ресми кездесуі өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Татарстан мүфтиі Кәміл хазрат Самигуллин инстаграмдағы парақшасына жариялады.

Өз кезегінде монарх республикаға қызығушылық танытып, ақпанда Миннихановтың  Сауд Арабиясына келген сәтін еске алды. Сол сәттегі кездесудің нәтижесінде, Ресейге келу туралы келісімге қол қойылған. Салман Ресей мен Сауд Арабиясы корольдігінің арасындағы қарым-қатынастың жаңа парақшасы ашылғанын айтты.

Күн тәртібінде діни экстермизм мен халықаралық терроризм мәселелері тұрды.

Татарстан президенті саудия монархын елдің діни аясымен таныстырып, Ресейдегі ислам дінінің даму мәселесін сөз етті. Мұсылмандық инфрақұрылым мен Болгар ислам академиясының жайын сөз етті.

Сондай-ақ «Ресей – Ислам әлемі» отырысының алдағы жылы Сауд Арабиясында өтетіні кездесу барысындағы басты тақырыптардың бірі саналды. Король аталмыш ұсынысты қуана қабылдап, келісімін берді.

Қатысты Мақалалар