ҚР Су ресурстары комитетінің бюджеттік жоспарлау басшысы парамен ұсталды

/uploads/thumbnail/20171010100334769_small.jpg

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің экономика басқармасының бюджеттік жоспарлау басшысы ұсталды,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ол жүйелі түрде мемелекеттік сатып алу қатысушыларының жеңімпаз атануы үшін және келісімшарттар бойынша тездетілген өтемақы алу үшін пара алып отырған.

Астананың жемқорлыққа қарсы бағытталған Ұлттық департаменті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің экономика басқармасының бюджеттік жоспарлау және есептік тіркеуінің басшысы Мырзатаев М. К. мырзаны қылмыстық әрекеттері үшін қолға түсірді.

Өзінің кезекті 4.3 млн. теңге пара алу сәтінде ол ұсталып қалды.

Оған қоса, 2017 жылдың 9 қазанында Мырзатаев өз лауазымын пайдалана отырып, ҚР қаржы Министрлігінің ішкі мемлекеттік аудитінің бас маманы Медеубеков Е.Б-ға тендер нәтижесін жою үшін  1 млн. теңге пара берген.

Дәл сол күні Мырзатаев М. К. және Медеубеков Е.Б. Астана ІІД қызметкерлерімен ұсталды.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тексерістер өтіп жатыр.  

Қатысты Мақалалар