Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК 2017 жылғы 27 қазанда мемлекеттік органдар арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте»республикалық конкурсын өткізеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Конкурстың мақсаты – мемлекеттік тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру және мемлекеттік органдарда тіл саясатының қолдау табуына ықпал ету.